Былтыр алматылықтар балаларын мектепке онлайн тіркей алмай қиналған

2017 жылдың 1 маусым күні mektepalmaty.kz сайтына ата-аналар балаларын мектепке тіркеу үшін өтініш бере алмаған. Бәзбіреулер туу туралы куәлікті бір ғана құжат арқылы тапсыру керек деп болжады. Ал мектепте құжаттың бетін ғана емес, нөмірі бар сыртын да сұрайды.

– Он сағаттың ішінде екі мыңға жуық өтініш келіп түсті. Екі бетті бекіту – қордаланған мәселе емес. Тек электронды нұсқаға айналдыру үшін құжатты сканерлесе болғаны. Бағдарлама екі, тіпті жүз құжатты да pdf форматында сақтай алады. Дербес компьютерді қолдана алмаған ата-аналар шағымдана береді, – деп жауап берген informburo.kz тілшісіне «Қалалық Білім Берудегі Жаңа Технологиялардың ғылыми-әдістемелік Орталығының» директоры Андрей Дупик.

Былтырдан бері Шымкент қаласында да таңғы сағат сегізден бастап mektep.edu.kz сайты арқылы балаларын мектепке тіркей алады. Тек мекен-жайына байланысты ғана мектепті таңдай алатын. Енді биылдан бастап тұрғылықты тұратын жеріңе қарамайды.

Жасы жеткен бала мектепке ешқандай сынақсыз барады

Бірінші сыныпқа баратын баланы мектепке даярлау үшін ата-ана көбінесе ақылы оқытатын мұғалімдерге жүгінеді. Қалтасы көтермейтіндер тегін білім беретін мектепке дейінгі ұйымдар мен сыныптарға апарады. Мектеп бағдарламасын игеріп алып кету үшін баланың әріпті танып, сандарды қосып-алуды біліп барғаны керек.

Мұндай талап білім беру ұйымдарына қабылдау туралы 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 Үкімет қаулысында жоқ еді. Оның 10 тармағында дайындық деңгейіне қарамастан қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалар үшін білім беру ұйымдардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі деп жазылған. Енді 10 мамырда қабылданған № 254 қаулы бойынша, «осы бөліктің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын» деп көрсетіліпті.

Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Айгүл Жұмағұловадан осы туралы сұрастырдық. Оның айтуынша, жасы жеткен кез келген бала дайындықсыз-ақ мектепке бара алады. Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар деген болмайды.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: