Анықтама бөлімі Справочный раздел

  • Бұйрық – жарлық құжаттары
  • Бұрыштама (резолюция)
  • Бұрыштама қою / резолюция
  • Визит карточкалары немесе танысқы
  • Названия документов
  • Как составить заголовок к письму

    • Еңбек келісімін жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Трудовой договор»
    • Құжаттың деректемелерін ресімдеуге арналған нұсқаулық / Инструкция «Порядок оформления реквизитов документа»
    • Алғыс хат жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Благодарственные письма»
    • Нұсқау хаттарды жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Инструктивные письма»
    • Шақыру хат жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Письма-приглашения»
    • Іскерлік хаттардың стилистикалық ерекшеліктері жайлы нұсқаулық / Инструкция «Стилистические особенности деловых писем»
    • Іскерлік хат мәтініндегі тілдік құрылымдар жайлы нұсқаулық / Инструкция «Языковые конструкции в тексте деловых писем»
    • Қызметтік хатттарды (іскерлік хаттарды) жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Служебные записки»
    • Аңдатпа жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Аннотация»
    • Реферат жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Реферат»
    • Аббревиатура жасауға арналған нұсқаулық / Инструкция «Аббревиатура»
    • Типтік құжаттар тізбесін жасауға арналған нұсқаулық / Инструкция «Перечень типовых документов»
    • Түйіндеме жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Резюме»
    • Өмірбаян жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Автобиография»
    • Өтініш жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Заявление»
    • Өкім жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Распоряжение»
    • Шарт немесе келісім-шарт жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Основные составляющие Договора»
    • Лауазымдық нұсқаулықтарды ресімдеу жайлы нұсқаулық / Инструкция «Оформления должностных инструкций»
    • Анықтама жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Справка»
    • Акті жазуға арналған нұсқаулық / Инструкция «Акт»
  • Пунктуация

    • Нүкте / Точка
    • Үтір / Запятая
    • Нүктелі үтір / Точка с запятой
    • Қос нүкте / Двоеточие
    • Дефис
    • Леп белгісі / Восклицательный знак
    • Көп нүкте / Многоточие
    • Жақша / Скобки
    • Тырнақша / Кавычки
    • Сұрау белгісі / Вопросительный знак
    • Сызықша / Тире

Әскери билетті алу

«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес, аталған мәртебе азаматтың әскери қызметке жарамдылығын және әскери міндетке қатысы барын анықтайтын мерзімсіз бірыңғай жеке есепке алу құжаты.

Әскери билетті алу үшін шақырылушы, яғни қолында тіркелу туралы құжаты бар азамат, ең алдымен, өзі тіркелген әскери комиссариатқа барып медициналық тексеруден өтуі тиіс. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жауабына сүйенсек, медициналық сараптама қорытындысы бойынша шақырылушының денсаулығынан кінәрат болса да, әскери билет беріледі, бірақ онда әскери қызметке қай деңгейде міндетті екені нақтыланады.

Оқи отырыңыз: Ер қаруы – бес қару. Ұлттық ойын арқылы бес қаруды насихаттау қажет

Осыдан кейін әскери шақыру комиссиясы әскери шақыру хаттамасынан көшірме жазып береді. Аталған көшірмені алып, шақырулышы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді. ХҚКО-на мына құжаттарды тапсыру керек:

  • Сарбаздардың, запастағы сержанттардың әскери билетті (әскери билет орнына уақытша куәлікті) беруге өтініші;
  • Жеке куәлік;
  • Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
  • Көлемі 3х4 фотосурет – 2 дана;
  • Әскери шақыру комиссиясы шешімінің көшірмесі;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі.

Осы құжаттар тапсырылғаннан кейін әскери билет шамамен 45 күнде дайын болады. Әскери билет қолға тигеннен кейін азамат әскери міндеттілер қатарына қабылданып, резервке кіреді.

Айта кетерлігі, әскери есепке 18 ден 27 жасқа дейінгі аралықтағы бозбалалар жататындықтан, онда әскери билет те сәйкесінше дәл осы жаста алынуы тиіс. Алайда егер сіз әскери билетті 28 жасқа толып кеткеннен кейін алатын болсаңыз, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейсіз.

2020 жылғы 1 АЕК = 2651 теңге.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: