Қазақта тек күш күйеу болған

Қазақ салт-дәстүрін зерттеуші Айып Нүсіпоқасұлы «Тал бесіктен жер бесікке дейін» кітабында қазақ адамгершілік пен ізгілік танытудың ақылға сыйымды түрлі тәсілдерін ойлап тапқанын жазған. Сондай тәсілдердің бірі – күш күйеу.

Үйінде шаруашылығына көмектесетін ер балалары жоқ отбасылар күйеу баласын өз алдына отау көтеріп, ауылында ұстауын «күш күйеу» деген.

Қолы қысқа, әл-ауқаты төмен, үйленіп, бас құрауға шамасы келмейтін, адал, арлы азаматтарды күш күйеу етіп, қалыңмал төлетпей кіргізіп алады. Немесе жігіттің ата-анасы қызы бар үйдің қолына кіргізіп беретін болған. Бұл салт бірлікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Ал тағы бір деректерде жігіт ағасы жасына жеткенше сүрбойдақ атанғандарды туыстарының ықпалымен үйлендірген. Ондай жігіттерді де «күш күйеу» деп атаған.

Ене мен күйеу баланың қарым қатынасы қандай болған?

Қазақ дәстүріне ер азамат қайынжұртымен алыстан сыйласқан. Күйеу бала анда-санда келген енесіне лайықты құрмет көрсеткен. Күйеу баласының үйіне келген енесі жатып алмай, аман-саулықты білген соң қайтып кеткен. Өйткені күйеу баланың үйінде айлап жату ұят саналған. Қызы шағымданып барғанда, тігісін жатқызып, күйеу баламен де, құдаларымен ара-қатынасының бұзылмауын ойлаған. Сондай бір әңгімесін Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» кітабында жазған болатын.

– Ене мен күйеу бала туралы айтқан әңгімең күні бүгінге дейін ұялатын бір жағдайды есіме түсірді, – деп Бақытжан әкесіне қарады. Ата «айт» дегендей иек көтерді.

Басқа әке, қайын аталарды білмеймін, осылай өзімізбен өзіміз әңгіме-дүкен құрғанда ата біздің бүкпесіз сөйлеуімізге ерік беретін. Біз үшін жабық тақырып жоқ. Тек шеңберден шықпай, бас жаққа барыспай сөйлесек болды. Бұл арада мен көбінесе тыңдаушымын, қостаушымын. Тиексіз сөйлейтін ол – Бәкең.

– Бір жолы мына Зейнепті байқамай қағып кеттім бе, қолым тиді ме… В общем, келінің үйден шыға жөнелді. Содан жоқ. Бір кезде келді. «Серуендеп келдім…» деді де қойды. Ішімнен «Серуендесең серуенде, бағанағы үшін мазамды алмасаң болды» деп мен де басқа еш нәрсе сұрағам жоқ. Екі-үш күннен соң Зейнептің мамасы келді үйге. Әдеттегідей аңқылдап, «жандарым, күндерім» деп ай бойы көрмегендей айналып-толғанып жатыр. Мені «қазанбасым» деп еркелететін. Бір қызығы, өзінің қызынан бұрын алдымен менің маңдайымнан сүйетін. Бұл жолы да – сол әдеті. «Балалар мал сойып еді, сендерге жас ет әкелдім» деп басқа да жаңалықтарын айтып, көңілді отырып, шай іштік. Содан кетуге жиналды. Аялдамаға шығарып салайық деп екеуміз де ілесіп едік, «үйіңнің тірлігін істе» деп Зейнепті қалдырып кетті. Ойымда түк жоқ, аялдамаға аяңдап келдік. Сонда ғана апам маған қарап:

– Балам, сенің көзің тұнық, жүрегің таза. Мен аналық сезіммен оны анық білемін. Анау қыздан кеткен анау-мынау кемістік болса, кешір. Ерке болғанымен, ақымақ емес, сөз түсінеді. Қайсыбір бейшара еркектер әйелге қол көтереді. Ол – азаматтық емес, әлсіздік. Сенің ондай әлсіздікке бармайтыныңды білемін. Өйткені сен – шаңырақтың иесі, оттың иесі, нағыз ер азаматсың, балам, – деді.

Құлақ шекем дуылдап, қаным басыма бір-ақ шықты. Жердің тесігі болса, ойланбастан кіріп-ақ кетер едім. Егер ол кісі ашу шақырып, дауыс көтеріп ұрысқанда мен өзімді қайта еркін сезінер едім. Қалай еді әлгі… Ә-ә, «мақтамен бауыздау» дей ме, тура сондай болды. Мынаның мені жамандап, титімдейді түйедей етіп дулатып барғанын алдын ала білгенімде баяғыда-ақ сөзімді жұптап қояр едім…

Осы жерде оның сөзін амалсыздан бөліп жібердім:

– Ол жағдайдың бірінші бөлігін білмейсің. Анама жылап барғаным рас, бірақ шапалақпен шықпыртып, үйден қуып жіберген.

– Ой, қандай арамсың! Сонша жылдан бері ішіңе қалай сыйған? – деп Бәкең екіленіп келе жатыр еді, ата:

«Әй, тоқтағын! Ары қарай қоймала­рыңды қопармаңдар! Менің ұққаным, Мәлике құдағи парасатпен басалқылық танытып, екеуіңді де дер кезінде жүгендеген екен. Ал балам, енді маған ыстық шай әкелгін», – деді маған қарап.

Басқа елге көшіп кету үшін азаматтықтан шығу міндетті ме?

Жоқ, тіптен міндетті емес. Басқа елге көшкісі келген адамға шет елге кетуді рәсімдеу үшін Қазақстаннан тіркеуден шығуы керек. Өзге елде азаматтығы жоқ бірақ шетелде тұратын немесе елге оралуды жоспарлайтын адамдарға Қазақстанның азаматтығынан шықпауына болады.

Тіпті азаматтықтан шыққан күннің өзінде Қазақстаннан кету міндетті емес. Ондай адам мемлекет аумағында қанша тұрғысы келсе, сонша тұра алады. Расында мұндайда оған тек жаңа мәртебесін анықтап алуы қажет. Егер азаматтығы жоқ тұлға болып танылған адамға елден кету талабы қойылмайды, бірақ тұруға ықтиярхат алу үшін оған бірінші басқа елдің азаматтығын алу керек, сол елден Қазақстанда тұруға рұқсат алғаннан кейін барып, оралуы

керек.

Қоғам белсенділері қандай шешім ұсынады?

Бұл дау әлеуметтік желі қолданушыларын да көзқарасы бойынша түрлі топқа бөлгені байқалып қалды.

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов бұл мәселе бойынша үкіметтік комиссия құру қажет деп санайды.

Ал өзі де біраз уақыт шетелден көлік тасумен айналысқан қоғам белсендісі Нұраддин Садық informburo.kz порталына берген сұхбатында соңғы жылдары отандық авто нарығында болған өзгерістердің бәрі авто өнеркәсібі саласындағы бір топ жеке кәсіпкерлердің лоббиімен іске асып отырғаны туралы күдігін айтты. Оның сөзінше, отандық авто өнеркәсібін дамыту желеуімен қазақстандықтардың шетелден өз бетінше көлік тасымалдауына лобби арқылы заңды шектеулер қойылып жатыр екен.

Оқи отырыңыз: Көлік терезесі буланбас үшін не істеу керек?

Оның ойынша, халық арасындағы әлеуметтік наразылықты күшейтпес үшін мемлекет шетелден әкелінетін көліктер үшін төленетін утилизациялық алымды тоқтатуы қажет.

Қоғам белсендісі автокөліктерге сәйкестік сертификатын берудегі олқылықтарды да сынға алды:

Айта кетейік, сәйкестік сертификаты – көліктің Еуро-3, Еуро-4 не Еуро-5 стандартына сәйкестігін куәландыратын құжат. Нұраддиннің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы Қазақстаннан өзге елдер қазір Еуро-4 стандартымен жұмыс істейді. Тек біздің еліміз ғана Еуро-5 стандартына өткен.

«Міндеттемелерді орындамау» тармағы несімен қауіпті?

Мұндай шешімді қабылдауға әсер ететін жағдайлар көп. Жетілмеген бюрократиялық жүйені есептегенде, төленбеген салықтары мен айыппұлдары туралы күтпеген мәліметтер қазақстандықтарды бірнеше рет қапыда қалдырған жағдайлар кездесті. Азаматтықтан бас тарту жағдайлары да кездесуі мүмкін. Алайда, көшіп бара жатқан адамның өмірін шынымен шиеленістіретін тағы бір жағымсыз жайт бар. Кеңес заманындағы «Интердевочка» атты белгілі фильмде көрсетілгендей, басты кейіпкердің біраз жыл бұрын отбасын тастап кеткен әкесі кенеттен өз қызына шетелге шығуға қарсылық білдіргеніндей жағдай қазіргі таңда Қазақстанда да өзекті.

Жоғарыда айтылғандай, еліміздің заңнамасына сәйкес, азамат уәкілетті органға өтінішпен бірге жұбайының немесе асырауындағы адамдардың оған материалдық немесе басқа да талаптарының жоқтығы туралы құжатты нотариалды түрде куәландырып ұсынуы қажет. Осылайша,қажетті қолтаңбасын алу үшін өзін тәрбиелеумен ешқашан айналыспаған ата-анасын іздеп табуы тиіс жағдайлар да кездеседі, мұндай туыстар арасында байланыс үзіліп қалатыны түсінікті. Егер азамат ата-анасының мұндай талаптарын негізсіз екендігін тек сот арқылы ғана дәлелдей алады, бұл қосымша уақыт мен шығынды қажет етеді.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: