Ипотека ма, депозит пе – әркімнің өз құзырындағы мәселе

Жалға алушыларға қарсы пікір айтушылар ай сайын басқа біреуге ақшаны беріп отырған дұрыс емес деп есептейді. Оның үстіне ол пәтерден кез келген уақытта қуып шығу қаупі де жоқ емес.

– Егер жұмысыңыз бен тұрақты кірісіңіз болса, орташа айлықтан жоғары табыс тапсаңыз «7-20-25», «Баспана хит» және басқа да мемлекеттік бағдарламамен үй ала аласыз. Алайда қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз, әрі жұмысыңызды жоғалту қаупіңіз басым болса, онда бастапқы жарна мен ай сайынғы несие бойынша төлемдеріңіз банкке кетеді,– дейді Алматыдағы жылжымайтын мүліктер агенттігінің директоры Нұрлан Алыбаев.

– Жылжымайтын мүлік секілді активтердің өтімділігі төмен, ал оған кіру шегі жоғары, ал оның бағасы экономика мен сұранымға байланысты болады. Әйтсе де, бұл инвестициялар көп адамдар үшін бұрынғыша «Шынайы актив» боп қала береді. Оған қоса сатып алынған жылжымайтын мүлік көбіне жалға беріледі, сондай-ақ тиісті мақсатқа салынған қаржыға стимул бола алады, – дейді Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы сараптама орталығының сарапшысы Рамазан Досов.

Оқи отырыңыз: Әскери қызметкерлерге баспана беру тәртібі өзгерді

Астананың сол жағалауындағы пәтерлердің 80%-ы жалға беріледі

Пәтерді жалдап тұратын адамдардың бірнеше негізгі санаты бар:

  • Отбасы жоқ, жұмысқа жаңа тұрған жастар;
  • Студенттер;
  • Жас отбасылар;
  • Пәтер сатып алуға қаражаты жоқ, ипотека алу шарттарына сәйкес келмейтін азаматтар.

Бұған қарамастан баспананы тек жастар ғана емес, тұрақты табысы бар, алайда ақшасын пәтер салуға емес бизнес ашуға құйған отбасылы азаматтар да жалдап тұрады. Немесе банктердің депозиттерінде пайыздық сыйақыны жинайтындары бар.

Оқи отырыңыз: Биыл ипотекаға пәтер алу жеңілдей түсті. Жылжымайтын мүлік нарығы қалай өзгереді?

– Алматының орталығында 3 бөлмелі пәтер 35-40 млн теңге тұрады. Осы аудандардан 3 бөлмелі пәтерді жалдап алу орта есеппен 150-200 мың теңгені құрайды. Мен одан да бұл 35-40 млн-ымды немесе ипотекаға құятын бастапқы жарнамды депозитке салып, пайыздық пайдасын көремін. Болмаса өз бинесімді ашамын. Сосын мен бір орында отырмаймын. Мәселен, жұмыс істеуге басқа қалаға, тіпті басқа елге кете аламын, – деп есептейді Үй-жайларды жалға берушілер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әди Кенжеғарин.

2000 жылдардың басында пәтер бағалары доллар бағамымен екі есеге төмендеді. Пәтерді тек теңгемен сата алатынбыз, ал теңге тұрақсыз, Ресейдің рублі мен мұнай бағасына тәуелді болатын.

Оқи отырыңыз: «Жастарға – жаңа тұрғын үй бағдарламасы». Алматы әкімінің тұрғындармен кездесуінен репортаж

– Пәтерді жалға беру құны да 2015 жылдан бері төмендеді, бірақ бұл жалға алушыға тиімді. Мәселен, Астананың сол жағалауындағы баспана бағасы 230 мыңнан 150 мыңға дейін түсті. Не себепті ол кезде Астана қарқынды салына бастады? Көп адамның онда тұруға көшіп келгенімен ғана байланысты емес. Сол жағалаудағы пәтерлердің 80%-ын басқа қаланың адамдары сатып алды. Олар онда тұрмайды. Сатып алып, жөндеу жұмыстарын жасап, жалға беріп қояды. Өздері Қызылордада, Шымкентте, Алматыда, Ақтауда тұрады. Олардың ақшалары бар, алайда оны өздері тұратын қалаға салған жоқ, – деп атап өтті Әди Кенжеғарин.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: