Содержание

Ал басқа елдер өз ұлтының маманын құшақ жая қарсы алып жатыр

Жапония, Қытай сияқты елдер дарындылардың шетке ағылуын шектеп ғана қоймай, елге оралғандарға жоғары жалақы тағайындайды, әлеуметтік жағдайын жасайды және жеке кәсіп ашуға қайтарымсыз грант, қомақты қаржы береді.

Мысалы, Қытайда 2016 жылы шетелде оқып, 432 мыңнан астам адам елге оралса, 2017 жылы ондай дарындылар саны 2 млн 650 мыңнан асқан. Бұл мамандардың үш ай ішінде өзі таңдаған қызмет орындарына орналасуына және жеке кәсіп ашуына толық жағдай жасалған. Яғни, шетелден оралған өз отандастарына алдымен мүмкіндік туғызады.

Ал Жапония әр жылы тек ондаған адамдарға ғана шетелдің жоғары оқу орындарында оқуға руқсат береді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2014-2015 жылдардың ішінде тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасынан 65 086 азамат көшіп кеткен. 2016 жылы 34 965 адам, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға көп.

Ал аталған жылдарда Қазақстанға қайта оралғандар саны бар болғаны – 1812 адам (2014 жылы – 862, 2015 жылы – 950), 2016 жылдың 6 айында 510 адам шет елдерден келген.

Кетіп жатқандардың 70%-ы еңбекке жарамды. Бұлардың ішінде жартысынан көбі жастар, студенттер.

Басты кедергі – жемқорлық

Қазақстанда етек алып отырған жемқорлық пен монополия да жастардың жігеріне құм құйып отыр. Жоғары санатты мамандық иесі ешқашан біреудің қабағы мен ақшасына қарап жалтақтамауы керек. Онсызда білімі сатылып, қызметі қапылып жатқан мемлекеттік мекемелердегі бюрократиялық кедергілер шетелді көріп, жаңаша көзқараспен оралған маманға ұнамайтыны сөзсіз.

Қысқартып айтқанда, қоғамның барлық сатысын жаулаған жемқорлық, сатылған білім, даңғаза жиналыс қорлықпен пара-пар, ешбір елге опа бермеген. Өз болашағымыз үшін бір уақ болса да таза да адал қызмет орнын, тамаша өмір сүру ортасын жасауға талпынуымыз тиіс.

Шетелдегі қандастардың елімізге инвестиция салуын қорғау және кепілдендіру керек

Тағы бір маңызды сала – ауыл шаруашылығы, логистика, экологиялық және этнотуризм болашақта еліміздің табыс көзі болмақ. Осы салаға қатысты мамандарға басымдылық беру арқылы жастардың жаңаша көзқарасын қалыптастырған дұрыс. Бұл жай-күйі кетіп, жағдайы күннен күнге нашарлап бара жатқан ауылдық елді-мекендердің қайта жандануына әсер ететіні хақ.

Мысалы, әлемде 180-200 млн адам тек ғана табиғи таза өнім тұтынады. Олардың саны жыл сайын өсіп жатыр. Еліміздің тек табиғи таза өнім шығару арқылы әлемдік нарықты жаулай алатыны белгілі.

Міне, осы салаларға қаржы құйғысы келген қандастармен қатар, шетелде білім алған жастардың елімізде кәсіп ашуына мүмкіндік жасап, арнаулы қаулы қабылдау керек. Бұл – ұлттық қауіпсіздігіміз үшін пайдалы, әрі экономикамыздың алға басуы үшін үлгі боларлық ролі бар маңызды саясат.

Астана іргесіндегі Қосшы ауылында полиция қызметкері мас күйінде рөлге отырып, жол- көлік оқиғасына себепші болды. Соның салдарынан қақтығысқан екінші көліктің ішіндегі 3 жастағы қыз бала көз жұмды.

Тергеу жұмыстары басталғанымен, күдікті қазір тергеу изоляторына тоғытылмаған. Тек үй қамаққа ғана алыпты. Бұл жайт сәбиінен айырылған ананы алаңдатып отыр. Сезікті жазасын алмай, сытылып кете ме деп қауіптенеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл таспа кішкентай бүлдіршіннің алаңсыз күндерінің бір көрінісі. Соңғы видеожазбалардың бірі. 19 тамыз Жанар Күпенованың отбасы үшін суық хабармен басталды. Астана іргесінде ішімдікке сылқия тойып алған полицей рөлге отырып, келіншектің қайын атасы мен 2 бірдей баласы отырған көлікке келіп соғылады. Соның кесірінен кішкентай қызы көз жұмған.

«Жол көлік оқиғасын көргендер тәртіп бұзған көліктің жылдамдығы 100 шақырым сағаттан артық болды дейді. Жүрісін тоқтатпаған күйі менің балаларым мен қайын атам отырған көлікке барып соғылған. Рөлде отырған полиция қызметкері алкоголді ішімдік ішкенін сараптама растады» – дейді қала тұрғыны Жанар Күпенова. Қайғылы оқиғаның болғанына бір айдан астам уақыт өтсе де тергеудің қарқынды жүріп жатқаны байқалмайды дейді зардау шегуші. Қосымша сараптамалардың қашан жасалатыны тағы белгісіз. Бұдан бөлек, Жанар адам өліміне қатысы бар күдіктінің қамауға алынбағанына наразы.

«Қазіргі сәтте кінәлі азаматтың үй қамақта отырғанына көңілім толмайды. Әуел баста уақытша тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарылды емес пе? Мен жоғарғы сотқа арыз жазып жолдадым. Мас күйінде рөлге отырып, оған қоса тәртіп бұзып соңы адам өліміне апарған қылмысқа қатысы бар адам қалай үйінде отырады?» – дейді қала тұрғыны Жанар Күпенова.

Заңгер Жандос Тұяқов аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қарастырылуы керек деген пікірде. Ал полиция қызметкерінің үй қамаққа алынуы қалыптасқан тәжірибеден тыс жағдайға саяды дейді.

«Адам мас күйінде болғандығы бұл былайша айтқанда қасақханамен пара пар деп санаймын. Сондықтан мұнда бұлтартпау шарасына келер болсақ әрине бұл таң қаларлық нәрсе. Өйткені тәжірибеде көп жағдайда мұнда жалпы қамауда ұстайды» – дейді заңгер Жандос Тұяқов.

Көлікті мас күйінде жүргізген полиция қызметкері жұмыстан босатыла ма? Жалпы тергеудің барысы қандай? Осындай сауалдар Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ Ақмола облыстық Ішкі істер департаментіне қатар жолданды. Бірақ, құзырлы органдар әзірге үнсіз. Баласынан айырылған Жанар Күпенова болса, іс жылы жабылып кетуі мүмкін деген күдіктен арылар емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

«Қазақстан өз патриоттарын, дарындыларын қолдауға, елге шақыруға әлі дайын емес»

Шет елден оқып оралған ғалымдардың жалақысы, мысалы, Назарбаев университетінде, өзімен тең дәрежелі, бірақ арнайы ұсыныспен келген шетелдік профессорлардан әлдеқайда төмен. Әлеуметтік қамту жағы да әлсіз.

Перизат Ақмолда (аты-жөні өзгертіліп алынды): «Менің екі ұлым да шетелде оқыды. Екеуі де отанын шексіз сүйеді. Алайда олар Қазақстанға келген сайын биліктегі жүйесіздік, жемқорлық және қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді көріп, отандастарына жаны ашиды. Тіптен, қатты қиналады. Қазір шетелдегі үлкен компанияларға жұмысқа тұрды. Себебі, Қазақстанда оларға қызмет істеу мүмкін емес. Ашығын айтқанда, Қазақстан өз патриоттарын, дарындыларын қолдауға, елге шақыруға әлі дайын емес.»

Ал шетелдерде ең алдымен өз қандастарына мүмкіндік жасайды.

2017 жылы 23 маусымда өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Нұрсұлтан Назарбаев «Шетелдегі дарынды қандастарымызды елге тартуды» Үкіметке тапсырды. Ал әзірге…

Жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға қолдау аз, кедергі көп

Жаңадан оқу бітірген студенттер үшін бірден жеке кәсіппен шұғылдану да қиын. Себебі, Қазақстандағы мемлекеттік университеттерде іскерлік және экономикалық құн көзқарасы бойынша семинар, тренингтер өте аз өтеді. Бұл жалпы білім саласының үлкен кемшілігі деп айтуға болады.

Мысалы Қытайда, кез-келген оқу бітірген студент өз тұрғылықты жерінің әкімшілігіне барып «кәсіп ашу несие қаражатына» тіркеліп, қайтарымсыз қомақты қаржыға ие бола алады. Сонымен бірге салықтан босатылып, тегін кеңсемен қамтылады. Ол үшін артық құжаттың, қаптаған дәлелдемелердің қажеті жоқ. Тек 2-3 беттік түсіндірме қағаз бен дипломның көшірмесі жетіп жатыр.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағытының жобасы / ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтынан

“Болашақ”-пен оқығандардың 155-і елге қайтпай қалған

Талантты да талапты жастардың шетелге кетуі біздің еліміз үшін қауіпті ме?

Статистикаға сүйенсек, бүгінде елге қайтпаған “Болашақтықтардың” саны – 155 адам. Қазақстан олардың білім алуы үшін қыруар қаржы жұмсағаны белгілі. “Байтақ болашақ” экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртайдың сөзіне қарағанда олардың мемлекет алдындағы қарызының жалпы сомасы 1,9 миллиард теңге, қазірге оның 500 миллионы ғана қайтарылған.

Дегенмен, жағдай соншалық мүшкіл де емес. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының арқасында 2017 жылға дейін 12 мыңнан астам түлек білім алыпты. Олардың 98%-ы елге оралған, ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр.

Кейін, дарындылардың шетелге кетуін азайту және мемлекеттің қаржысын үнемдеу мақсатында шетелдік стандартта, сапалы білім беретін «Назарбаев университетінің» құрылғаны белгілі.

Айта кету керек «болашақтықтардың» 85%-ы Астана, Алматы қалаларында жұмыс істейді. Ал аймақтық мекемелерге баруға құлықтары жоқ. Сол үшін үкімет жаңа талаптар қоя бастапты. Яғни, олар елге оралғанда бас қалаларда жұмыс істесе міндетті өтілі 5 жыл, ал аймақтарға барса бұл мерзім 3 жылға дейін қысқарады.

Қазақтың білікті мамандары шет елге кетіп жатыр

Кәсіп табудың, қаладан үйлі болудың тақсіретін тартып жүрген жастар енді нәпақасын батыс елдерінен іздей бастады. Жан саны азайып бара жатқан, әрі еңбеккүш капиталы жетіспейтін еуропа елдерінде жұмыс істеу қазақ студенттері үшін қолайлы бола бастады.

Қаншама ата-ана балаларын шет елге оқуға жіберіп, олардың сонда қалып, жұмыс істеуіне көмектеседі. Қаншама мықты мамандар сол елдерден жоғары әрі сапалы білім алып ғана қоймай, жақсы жұмыс тауып, тірлік кешіп жатыр. Бұл енді ағылшын тілді қазақ студенттерінің арасында қалыпты үрдіске айналып барады. Яғни, Қазақстанда тіреп тұрған көкесі жоқтар енді батысқа ағылып жатыр.

Бұл үрдісті қазіргі үкіметтің тоқтатуы екіталай. Себебі, жұмысқа орналасудың қиындығы, орналасқан күннің өзінде жалақы мен әлеуметтік қамтудың төмендігі әлі де ұзаққа созылатын түрі бар.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына кім қатыса алады?

Жалпы қойылатын талаптар облыстық әкімдіктер дегі басқармалар сайттарында жарияланған.

Бұл бағдарламаға оқу орындарының диплом алған түлектері, кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуге және ауылға тұруға келген мамандар қатыса алады.

Нақтыласақ:

  • Алдымен жұмысқа тұратын өңірді таңдау керек (облыс, аудан, ауыл);
  • Сол таңдаған елді мекенде өз еркіңмен жұмыс табу (ауыл мектебі, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б);
  • Өз еркіңізбен жұмыс іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда сіз Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің жауапты тұлғаларына немесе өңірлердегі жауапты мамандарға жүгіне аласыз;
  • «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысы сізге көмектесе алады.

Сәті түсіп «Дипломмен ауылға» бағадарламасына іліксеңіз 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, 2017 жылы 2269 теңгеден) мөлшеріндегі біржолғы көтерме жәрдемақы төлейді және 500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы ставкасы бар тұрғын үйді сатып алу және құрылысы үшін 15 жылға арналған бюджеттік несие береді. Бұл жалпы 3 562 330 теңге болады.

Оның үстіне ауылды елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелері мамандарының лауазымдық жалақыларын кем дегенде 25% арттыру көзделген.

«Шетелде білім алу арзан, жұмыс табу оңай»

Еуропадағы Германия, Франция, Испания, Италия, Австрия қатарлы елдердегі білім беру сапасы жоғары, қалыптасқан. Онда оқу қаражаты үшін төлем төмен немесе тегін. Сонымен бірге дарындыларға арналған арнайы шәкіртақылар бар.

Көп елдерінде жылына 1500 доллар тұрады. Мұнда тілді үйреніп, артынан ешбір қиындықсыз Қазақстанда немесе өзге елдегі халықаралық компанияға жұмысқа тұруға болады.

Қызырхан Шолпан, Австрия тұрғыны: «Еуропада оқу арзан, жұмыс табу оңай, өмір қымбат. Мысалы Германия жоғары білім алуды тегін етті. Венада да ең қымбат дегенде жылдық оқу ақысы 1000 еуро айналасында. Кей Университеттерде азырақ ағылшын не неміс тілін білсеңіз болды, оқуға қабылдай береді, кейін дайындық бөліміне жібереді.

Бұл жерде оқып жатқан қазақстандық студенттер барған сайын көбейіп барады. Олар бакалавриатты бірден осында оқып жатыр. Мен бірталай қазақтарға көмектестім. Сосын олардың балалары оқу бітірген соң, көбінесе Қазақстанға қайтуға асықпайды. Өйткені мұнда жұмыс табу да оңай».

QS WORLD UNIVERSITY RANKINGSЕуразия ұлттық университетінде

Германия, Жапония, Қазақстандағы 3 оқу орнының рейтингі және оқу ақы салыстырмасы /

Қалада да қалуға болады

Құндыз Оралжан, Еуразия ұлттық университетінің 2017 жылғы түлегі: «Мен мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу бітірдім. Енді ауылға барып кемінде 3 жылға дейін қызмет істеуім керек екен. Негізі 5 айдан бері Астана қаласындағы бір мемлекеттік мәдени мекемеде өз мамандығым бойынша жұмыс істеп жүрген едім. Енді амалсыздан ауылға кететін болдым».

Құндыз Оралжан секілді түлектер қазір үлкен қалаларға жақын ауылдардан жұмыс іздеуге көшіпті. Себебі, сол арқылы «міндеттемелерін» де орындайды, армандаған қаласына да жақындайды. Мейлі қандай ауылға барсын «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімділіктерін пайдалана алады.

Құндыздың айтуынша, көптеген университет түлектері өздерінің «Ауыл квотасы» мен «мемлекеттік тапсырыс» екенін білмей қалған. Тіптен, ісі соттан бірақ шыққан студенттер де бар.

Құндыз Оралжан – енді қазақ тілі мен әдебиетінің дипломды маманы / Фото informburo.kz[

Егерде білмей қалып немесе қаладан тапқан жақсы қызметіңізді қимасаңыз, онда төлем төлеп құтылудан басқа амал жоқ. Яғни «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17-тармағына сәйкес жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығындарды өтеуге міндетті.

Ол бакалавр үшін мөлшермен 2,9 млн теңгеден басталады. Оған өсімін, сот жұмысы мен банктің қызметін қоссаңыз, 3,5 млн-ға жетеді. Бұл есепті бізге Білім және ғылым министрлігінің осы сала бойынша ресми агенттігі саналатын «Қаржы орталығы» АҚ заңгері Димаш Сейсенқұлов көрсетті.

Дарындылардың шетелге ағылуын тоқтатуға жаңа кәсіптену механизмі мен заңдық кепілдік керек

Үкімет көптеген техникалық мамандықтар, менеджерлерге зәру екенін үнемі айтып келеді. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы сынды түрлі жолдар арқылы жас мамандарды да оқытып жатыр. Оның үстіне бұл бағдарламалардан тыс шетел асып білім алып жатқандар, түрлі тағылымдамалардан өткендер тіптен көп.

Міне бұл – бізге ең керек сапалы адам капиталы.

Мысалы Сингапур, Малайзия, Норвегия қатарлы дамыған елдерде «адам капиталын тарту агенттіктері» секілді жүйе, арнаулы мекеме жұмыс істейді.

Бізде де адам капиталын дамытып, еліміздің болашағына инвестициялау қажет. Әрине, оларға қолайлы әлеуметтік жағдай, тамаша жалақы ұсыну керек. Шетелден оралған мамандардың жұмыс табуы мен әлеуметтік қамтылуын заңмен кепілдендіру керек.

Тіптен, кей мамандықтармен Қазақстанда жұмыс таба алмайсыз. Ал олар үшін ауылға барып жұмыс істеу – алған білімі мен ғұмырын қор етумен бірдей.

Жастардың елден кетуін тоқтатудың тағы бір жолы – жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік жасау. Ол үшін өндірістік не ауылшаруашылық жер, қайтарымсыз қаржы, грант, тегін кешендермен қамту және салықтық жеңілдіктер керек.

Мұндай бастамалар бар, алайда бұның бәрі әзірше «бағдарламалар» түрінде, қағаз бетінде қалып отыр.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: