Консулдық бөлімнің жаңалықтары

Қазақстан Республикасында электрондық визаны енгізу жөнінде

2.01.2019

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізіледі.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіреді және шығады.

Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін – 23 елдің азаматтарына беріледі (елдер тізімі қоса беріледі).

Электрондық виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды және онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды.

Төленген консулдық алымдар қайтарылмайды.

Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:

1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, ұзартулар, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;

2) кемінде 2 таза бет болуы тиіс;

3) қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімінің аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс.

Қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын келіп кетішулер туралы көші-қон қызметі органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды (аталған қызмет онлайн режимде Визалық және көші-қон порталында қолжетімді).

Электрондық визаны рәсімдеу алгоритмі

— электрондық визаны алу үшін Визалық және көші-қон порталында тіркелу (www.vmp.gov.kz);

— тіркелуден кейін электрондық визаны алу талаптарымен танысу;

-шақыру нөмірін енгізу (Қазақстан Республикасындағы шақырушы тараппен жіберіледі) және визалық сауалнаманы толтыру;

— консулдық алымды төлеу;

-электрондық визаны басып шығару (виза жеке кабинетте қалыптасады және сауалнаманы толтырған кезде берілген электрондық поштаға жіберіледі);

-Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде басып шығарған электрондық визаны ұсыну қажет.

Қазақстанға кіру үшін бір мәртелі туристік электрондық визаларды алуға мүмкін елдердің тізімі:

1. Алжир

2. Ангола

3. Андорра

4. Антигуа и Барбуда

5. Аруба

6. Багамские острова

7. Бангладеш

8. Барбадос

9. Бахрейн

10. Белиз

11. Бенин

12. Боливия

13. Ботсвана

14. Бруней-Даруссалам

15. Буркина Фасо — Верхняя Вольта

16. Бурунди

17. Бутан

18. Вануату

19. Ватикан

20. Венесуэла

21. Вьетнам

22. Габон

23. Гайана

24. Гаити

25. Гамбия

26. Гана

27. Гватемала

28. Гвинея

29. Гвинея-Бисау

30. Гондурас

31. Гренада

32. Джибути

33. Доминика

34. Доминикан республикасы

35. Замбия

36. Зимбабве

37. Үндістан

38. Индонезия

39. Камбоджа

40. Камерун

41. Катар

42. Кения

43. Кирибати

44. КХДР

45. ҚХР

46. Колумбия

47. Комор аралдары

48. Конго республикасы

49. Коста-Рика

50. Кот-Д Ивуар

51. Куба

52. Кувейт

53. Лаос

54. Лесото

55. Либерия

56. Ливан

57. Лихтенштейн

58. Маврикий

59. Мавритания

60. Мадагаскар

61. Макао (Аомынь)

62. Македония

63. Малави

64. Мали

65. Мальдив республикасы

66. Марокко

67. Маршал аралдары

68. Микронезия

69. Мозамбик

70. Мъянма (Бирма)

71. Намибия

72. Науру

73. Непал

74. Нигер

75. Нигерия

76. Никарагуа

77. Оман

78. Палау

79. Панама

80. Папуа-Новая Гвинея

81. Парагвай

82. Перу

83. Руанда

84. Сальвадор

85. Самоа

86. Сан-Марино

87. Сан-Томе и Принсипи

88. Сауд Арабиясы

89. Свазиленд

90. Сейшел аралдары

91. Сенегал

92. Сент-Винсент и Гренадины

93. Сент-Китс и Невис

94. Сент-Люсия

95. Суринам

96. Сьерра-Леоне

97. Таиланд

98. Танзания

99. Того

100. Тонга

101. Тринидад и Тобаго

102. Тувалу

103. Тунис

104. Түрікменстан

105. Уганда

106. Уругвай

107. Фарер аралдары

108. Фиджи

109. Филиппины

110. Орталық Африка республикасы

111. Чад

112. Черногория (Монтенегро)

113. Шри-Ланка

114. Эритрея

115. Эфиопия

116. ОАР

117. Ямайка

Қазақстанға кіру үшін іскерлік және емделу үшін бір мәртелі электрондық визаларды алуға мүмкін елдердің тізімі:

1. Багам аралдары

2. Бермуд аралдары

3. Бурунди

4. Гондурас

5. Гренландия

6. Индонезия

7. Катар

8. Кувейт

9. Лаос

10. Макао

11. Марокко

12. Ватикан

13. Вирджин аралдары

14. Вьетнам

15. Гаити

16. Камбоджа

17. Куба

18. Македония

19. Никарагуа

20. Оман

21. Сербия

22. ОАР

23. Черногория

Айдос Сарым: «…Мен Қытайдан кемі үш ірі проблеманы көріп отырмын»

Саясаткер Айдос Сарым / Жеке парақшасынан алынды

– Ал Қытайдың ішкі мәселесіне келетін болсақ, оның өз проблемалары өзіне жетіп жатыр. Мен кемі үш ірі проблеманы көріп отырмын.

1. Коммунистік пен капиталистік формат арасындағы қайшылық. Қытай коммунистері өздері қалағандай коммунистік партияның монополиясын қаншалықты ұзақ ұстай алады? Капиталистік қатынастар бірте-бірте коммунистік идеалдар мен идеяларды шайып жатыр. Ерте ме, кеш пе екі арада бір дүниетанымдық қақтығыс болады.

2. Байлық пен кедейлік мәселесі. Қытайдың дамыған бөлігі негізінен оңтүстік-шығыс аймақтары. Сол жақтағы даму деңгейі –солтүстігі, орталығы, батысы үшін бір жағынан арман болса, екінші жағынан қызғаныш тудырып отырған фактор. Оны Қытай үкіметі жақсы түсініп те отыр. Сол аймақтарға қыруар қаржы да салып әлек. Бірақ олардың тиімділігі ешқашан да оңтүстік-шығыстағыдай бола алмайды. Кедейлік шекарасы Қытайдың дәстүрлі «бидай алқабы» мен «күріш алқабы» арасында өтіп жатыр. Бұл орасан зор аймақтық диспропорцияларды тудырып, жұрттың ашу-ызасын қыздырады. Қытай үкіметінің осының алдын алуға қауқары жете ме, жоқ па? Оны дөп басып айту қиын. Бірақ, мықтап кірісіп, жан бере кірісіп жатыр. Бұл – айналып келгенде, елдің қалу-қалмауының мәселесі.

3. Жемқорлық. Бүгіндері Қытай үкіметі бұл мәселені нөмірі бірінші проблема ретінде қарастырыпта жатыр.Бірақ үлкен мүмкіндіктер үлкен жемқорлықты тудырып отыр. Елдегі миллионерлер мен миллиардерлердің саны күн санап артып жатыр. Нарыққа бір қажетті нәрсені ойлап тауып, бір түйірден сатсаң бір күнде миллиардер болатын мүмкіндігің бар. Бұл, әрине, көрсеқызарлықты да, жеңіл жолмен ақша табуға деген ынтаны да оятады. Бұған төтеп беру аса қиын дүние. Елдегі біраз дүмпулер мен толқулар негізінен осы жемқорлықтың кесірінен туындап жатыр деп білемін.

Қытай ШЫҰ арқылы өзі ролін көрсетіп бағады

Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы – Қазақстан, Ресей, Қытай қатарлы елдердің геосаяси мүддесі негізінде құрылған. Штаб пәтері Қытайдың Шаңхай қаласында орналасқан ұйымның әлемдік саясатта да рөлі маңызды.

Ресей мен Қытай сынды екі державаның бір ұйымда бастарының қосылуы – АҚШ, ЕуроОдақ, Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қатарлы халықаралық ұйымға теңдесу үшін жасалған геосаяси одақтасу.

Қытай осы ұйым арқылы Шынжаңдағы, Тибеттегі мазасыздықты террористік іс-қимылдарға жатқызды. Және ұйым мүшелерімен өзара түсіністік-ынтымақтастық келісімге қол жеткізді.

Тіптен, бұл ұйымның маңыздылығының артқаны сондай, енді оған Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан елдері де қосылуға ниет етіп отыр.

Қытай Ресейді АҚШ қысымына бірге қарсы тұруға шақырып отыр

АҚШ пен Қытай әлемнің бірінші және екінші экономикасы ретінде танылған. АҚШ-тың өз орнын сақтап, әлемдік сахнадағы беделін көтеру үшін де жанталасып жатқаны белгілі. Әсіресе, экономикалық салаға барынша назар аударады.

Дональд Трамп Қытайға сапары барысында жүздеген миллиард АҚШ долларына тең экономикалық келісімдерді жасады. Десе де Қытайдың АҚШ-тың өтінішіне қарамай Солтүстік Кореяға көмек қолын қайта-қайта созуы да оның қытығына тиіп отырғаны түсінікті. 2017 жылы Трамп Қытайдың Солтүстік Кореяға мұнай өнімін тасыған Гонконгтың екі кемесін тілге тиек етіп, ренішін білдірген болатын.

АҚШ Ресейге қарата түрлі экономикалық шектеулерді кіргізді. Енді АҚШ базарына кіретін Қытайдың заттарына да түрлі шектеулер қоя бастады. Дональд Трамптың билік басына келуімен бірге АҚШ өз өндірісін қорғау үшін Қытайдың күн энергиясы батереясының, санды техникалық құралдарының ел ішіне кіруіне шектеу қойды.

Оның үстіне АҚШ-тың Қытайға көрші елдермен әскери байланысының дамуы және өз әскери базаларын Қытайды айнала құра бастауы да алаңдатып отыр. Осыған орай Ресейдегі Қытай елшілігіндегі әскери атташесі, генерал-майор Куй Яньвэй 2018 жылы 22 қаңтарда мәлімдеме жасап, Ресейді бірлесе отырып АҚШ қысымына қарсы тұруға шақырған болатын.

Қытай Қазақстанмен барынша достық байланыста болуға тырсады, бірақ…

Қытай – Қазақстан үшін шикізат байлығын сататын алып базар. Ал Қазақстан – Қытай үшін батысқа шығатын үлкен қақпа. Қытайдың Еуропа елдеріне, Ресей мен Иранға бағытталған жүк тасымалы Қазақстан арқылы өтеді. Бұл үшін Қытай милииардтаған қаржы салды.

Оның үстіне Қазақстанның көмірсутекті шикізаттарына салған қаржысы да өте көп. Тіптен, Қазақстанға ондаған миллиард АҚШ доллары болатын қарыз да беріп отыр. Басқа салаға да инвестиция салып жатыр.

Жиаң Зымин (Цан Цземин) Қытайға төраға болған кезде Қазақстанмен достық, сауда барыс-келіс қатты дамыды. Алайда қазіргі төраға Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин) екінші кезек міндеті кезінде бұл байланыстың кеміп, кері кете бастағаны да жасырын емес. Үрімжідегі жүздеген қонақүйлер бос қалып, базарлардағы сауда жүрмей қалды. Енді, тіпті, саудагерлердің Қытайға кіріп-шығуы тоқтап жатқанына куә болып отырмыз.

Бұл Қытай мен Қазақстандағы бизнесмендерді де тығырыққа тірееді. Екі ел арасындағы өзара достық, көршілік қатынасқа да салқын леп әкелді.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: