Күшік күйеу деп кімдерді атаған?

Қазақта белгілі бір себептермен ғана күшік күйеу деп атаған. Бірінші, ағайын-туысынан айрылған, ешкімі жоқ жетім баланы айтқан. Екінші, ағайын-туғандары бар болса да қалыңмал беруге жағдайы жоқ жігіттер еңбегімен, яғни қайынжұртының малын бағып өтеп құтылатын болған. Үшінші, кірме күйеу болған. Ел кезіп, жер кезіп жүріп, келіншек алған елге сіңіп кеткен жігітті кірме күйеу деп айтқан. Төртінші, өз елінде істі болып, қылмыс жасап қашып жүріп қайын жұртын паналаған күйеуге осындай атау берген.

Тіпті жігіт қалыңдығына жалғыз бармаған. Ал отбасын құрғаннан кейін қайын жұртына жиі баратын күйеу баланы «Жаман жігіт қайынсақ» деп мазақ қылған. Осылайша намысын қайрап отырған. Өйткені кең даланы кезіп жүрген қазақ намысты бірінші орынға қойған. «Жаным арымның садағасы» деген сөз осыдан қалған.

Қазақтар әке-шешесін танымайтын жермен құдаласпаған. Кей жағдайларда жігіт басбұзар болып, құлай сүйген қызымен бірге тұру үшін салттан тыс әрекетті жасаған кездері болған. Өйткені екі жастың өз еріктерімен қосылуына белгілі себептермен үлкендер қарсы болған. Танымайтын елден қыз алу дәстүрі батырлар арасында болғанын жырлардан оқып білдік. Онда батыр елді аралап, қыз таңдап шығады немесе ақылына көркі сай бір отбасының қызына құда түседі, – деді әдебиеттанушы.

«Бейәдеп қызды қайта тәрбиелеу мүмкін емес»

Драматург Сая Қасымбек қыз баланың тәрбиесі отбасынан басталады дейді. Оның айтуынша, қыз бала отбасында бейәдеп қылықтарды көріп өссе, оны қайта тәрбиелеу мүмкін емес.

Оқи отырыңыз: Қазақ отбасында әкенің орны қандай болған? Қазір қандай?

– Келін мен ене арасындағы бет шайысу содан басталады. Қазірден бастап мен немере қыздарымды болашақ ана, келін етуге дайындап жатырмын. Өйткені өнегелі қыздан, өнегелі келін, сосын өнегелі ене шығады.

Бейәдеп келінді қайта тәрбиелеу мүмкін емес / Фото toy-info.kz сайтынан алынды

Менің жақын құрбыма тойда келінінің анасы «құдағи, қызым көп уақытын білім алумен өткізді. Үй шаруасына икемі жоқ. Өзің тәрбелеп аларсың» деп тапсырды. Сөз кезегі тигенде мен келіннің анасына «құдағи, біз тәрбиеленген келін алдық деп қуанып отырсақ, менің құрбымды тәрбиеші қылып қойдыңыз ғой. Қыз отбасынан тәрбиеленіп келу керек» дедім. Құдағи шамданып қалғанмен, артынан қателігін мойындады.

Сондықтан біз көбіне баланың болашағы туралы ойлағанда алдымен сол болашақтың иесі, ұядағы балапанның тәрбиесіне мән бере бермейміз. Содан отбасында жанжал, түсінбеушілік туады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мектептерінде жыныстық тәрбие сағатын енгізу басталды

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: